Хабарлама

15.08.2019

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен  қолдаудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында «Бизнес-Кеңесші» (2 күн), «Бизнес-Өсу», «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту»  компонентері бойынша өтеусіз негізде оқытудың жалғасы туралы хабарлайды. Оқыту тренингтер іскерлік қызметтің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік қызметті бастауды жоспарлаған барлық азаматтар үшін өткізіледі.

 «Бизнес-Кеңесші» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды қамтиды.

 Оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

- кәсіпкерлікке кіріспе;

- кәсіпкерлік психологиясы;

 - бизнес-жоспарлау;

- маркетингтік қызмет;

- персоналды басқару;

- кәсіпкер үшін қаржы;

- кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері;

- бизнесті жүргізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,

- электрондық сауда.

«Бизнес-Өсу» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді оқытуды қарастырады және кәсіпкерлік қызметтерді жүргізуге және дамытуға арналған функционалдық бағыттарында кәсіпкерлерді оқытуды (біліктілігін арттыруды) қамтиды. Маркетинг, онлайн сату және жарнама саласындағы спикерлер шақыртылған.

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту» жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұзақ мерзімді оқытуды көздейді және кәсіпкерлік қызметтерді жүргізу мен дамытуға арналған функционалдық бағыттарында кәсіпкерлерді оқытуды, жобаларды сүйемелдеуді, жаңа нарық көздерін іздеу, табысты арттыруды қамтиды.

Өтініш беру үшін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) келуге қажет (Павлодар қ., Ломов көшесі, 21 үй, 2 қабат). Ауыл тұрғындарына аудан орталықтарында және Экибастуз, Аксу қалаларындағы Палата филиалдары жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына келу қажет.

Сонымен бірге  «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқытуды онлайн режимде өту мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз. Ол үшін services.atameken.kz сілтемесі арқылы өтіп ATAMEKEN SERVICES – КӘСІПКЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІ сайтында тіркеліп, «Оқыту» бөлімінде тапсырыс беру қажет.

Толығырақ ақпарат: 8 (7182) 66 03 11 (внут. 5520),  http://pavlodar.atameken.kz/ru/

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp