Алтай өлкесінде шағын футболдан турнир

10.01.2019

2019 жылғы 6 қаңтарда ауданның құрамасы аудан аралығындағы, Ресей Федерациясы, Алтай- Немецкий ауданы, Редкая Дуброва ауылында өткізілген шағын- футбол жарысына қатысты.

М. Тауасқан, Ж. Амри, С. Шаймардан, Р. Дюсекеев, А. Щадиев, А. Калиев, М. Курманалинов, Р. Иманбеков, К. Зекенов команда құрамасын ұсынды.

Топша, Славгород ауданының командасымен бірінші ойын кездесуінде, 9:6 есебімен женіп шықты. Екінші ойын кездесуінде 2:5 есебімен иелерге  жол берді, 3 орын үшін түйістіру ойынында Хабаровск ауданының командасын женіп шықты.

Ойын қорытындысында орындар келесі ретте үлестірілді: 1-ші орын -Редкая Дуброва ауылының командасы, 2-ші- орын Немецкий ауданының командасы, 3-ші орынға Успен ауданының құрамасы ие болды, 4- ші орын- Хабаровский ауданының командасы, 5-ші орын- Славгород ауданының командасы және 6-ші орын- Бурлинский ауданының командасы.

Командалар мадақтама, медаль және құнды жүлделермен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp