«Safekaznet.kz» отандық ыстық желісі ашылды

31.07.2014

Әсіресе, ең сезгіш жас ұрпақ арасында қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, нашақорлықты, экстремизм мен терроризмді, порнографияны насихаттауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қабылданатын шараларға қоғамдық құралдармен жәрдемдесу мақсатында, террористік және экстремистік бағыттағы материалдары бар Интернет-контент туралы хабарламаларды қабылдайтын «Safekaznet.kz» отандық ыстық желісі ашылды.

www. «Safekaznet.kz» сайты арқылы Интернет пайдаланушылары өрескел және адамның адамгершілігін кемітетін мазмұндағы роликтерді, түсініктемелерді және басқа материалдарды орналастыратын Қазақстандық сегменттегі интернет-ресурстарына сілтемемен хабарламаларды жібере алады.

Ұқсас «ыстық желілер» әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеуде және Интернет желісінен шығатын қауіп-қатерлердің ықпалдарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

 Ішкі саясат бөлімі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp