Шекаралас ынтымақтастық

18.07.2014

Халқымыз қашаннан қай заманнан ынтымақ бірлікті, тату тірлікті қалаған елдің ұрпағы. Соның бір айғағындай, талай ғасырлардан жеткен «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген даналық сөздерімізді дәлелдеген ел бірлігін сақтаған ерлеріміз бар, ынтымағы ұйысқан еліміз бар.

Таяуда  осындай ынтымақтықты ары қарай дамыту негізінде  Успен ауданының әкімі Бәкір Демеуов бастаған делегаттары Алтай өлкесінің Бөрлі ауданында болып қайтты. Оған себеп болған Бөрлі ауданының 70-жылдық мерейтойы. Мереке орталық алаңда басталды, жиналғандарды Бөрлі ауданы әкімшілігінің басшысы С.Давыденко құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке, еңбектеріне табыс, ынтымақ тіледі. Одан әрі басшысы аудан тарихына тоқталып, ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жайлы, перспективалары туралы бірер сөз қозғады. Шұрайлы топырақтары мен ауыл шаруашылық жерлерге бай өңір екен. Ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау рәсімі өтті.

Сонан кейін сөз кезегі шақырылған қонақтарға да келіп жетті. Өзінің құттықтау сөзімен сахна төріне аудан әкімі Бәкір Демеуов шықты, ол Бөрлі ауданының тұрғындарына елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың арасында азаматтық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуын, бейбіт өмір, жақсылық тілей отырып, «орамал тон болмайды, жол болады» демекші естелік сыйлықтарын табыс етті. Біздің ауданымыздың көркемөнерпаздары «Вдохновение» және «REMIX» топтары әннен шашу шашып, бір марқайтып тастады.Одан әрі мереке Бөрлі ауданының көркемөнерпаздарының концертіне, сауда-саттық пен көпшілік серуенге ұласты. Алаңға жиналған қалың жұрт мәре-сәре болып жатты. Көп ұзамай салтанатты шеру толқынын тамашаладық. Шеруді бастаған қалыңдықтар болса, жалғастырған бүлдіршіндер мен жас аналар. Қазылар алқасы ең әдемі қалыңдықты таңдап, марапаттады.Ойыншықтар мен тәттілер сатушылардың мереке күндері жақсы сауда жасаймыз деген үміттері ақталған сияқты. Мерекеде балалардың аттракциондарда еркін ойнап, батутта қалағандарынша секіргендері байқалды. Осылайша мерейтойға жиналған қауым уақыттың қалай өткенін байқамай салтанатты шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Осындай мерекеге шақырған көршілес ресейліктерге алғысымызды білдіреміз, болашақта халқымыздың достығы одан әрі нығайя түсуіне сенімдіміз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp