2014 жыл ішіндегі төтенше жағдайлар мен оқығаларды шолу

2010-2014 жылдар кезеңінде негізгі көрсеткіштер бойынша тұрғындардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету мәселесінің жалпы жағдайы тұрақты деңгейде. Алайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өрттер мен тұтанулар саны тіркелген. Сондай-ақ, талдау кезеңі ішінде маусымаралық көктем айларында (сәуір, мамыр) жел күшінің күшеюін атап өткен жөн. Желдің жылдық орташа күшінің жыл сайын күшеюін метеорологиялық қызметтің мәліметтері де, қатты жел салдарынан ғимараттардың зақымдалу жағдайлары санының артуы да дәлелдейді. Сонымен, ағымдағы жылы Ольгин, Таволжан және Галицк жалпы орта білім беру мектептерінің шатырлары зақымдалды. 2011 жылы қатты жел салдарынан №2 Успен ОМ шатыры бүлінді.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 25 өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелді, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2013 жылдық ұқсас кезеңі ішінде – 5 өрт) бес есе артық. Өрттер кезінде қаза болғандардың саны 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 2-ден ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 3-ке дейін, яғни 33,3%-ға артты. Өрттер салдарынан болған залал 2,869 млн. теңгені (2013 жылы – 720 мың теңге) құрайды, сонымен өрттер себебінен залал 4 есе артты. Өрттердің жалпы санынан (25) тұрғын секторда 20 өрт болды, бұл80%, 3 дала өрттері – 12%, 2 өндірістік өрттер – 8%. Ағымдағы жылы 3 дала өрттері және дала аймағында өрт ретінде есепке алынбайтын 10 оқиға тіркелгенін айтып өткен жөн, ал 2012 және 2013 жылдардың сол кезеңдерінде дала өрттері тіркелген емес.

Жүргізілген талдаулардан шешім шығаруға болады, қазіргі уақытта ауданның тұрғындары мен аумағы қорғалуы жағдайының ең келелі мәселелері:

- аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- аса қауіпті метеорологиялық құбылыстар, соның ішінде қатты жел туындаған кезде өндірістік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as