Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті кез-келген ХҚКО ала алады

15.07.2014

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе  тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді  және  халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры
Абылайхан Оспановтың айтуынша, «бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және
 ХҚКО-дағы  көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады. Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе паспорт алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ ».

Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне  байланыстырмай-ақ,
кез-келген ХҚКО арқылы беру  мәселесін мемлекеттік органдармен бірге  қарастыруда. 

«ХҚКО»РМК ақпаратына сәйкес, осы жылдың басынан бері 600 мыңнан астам адам  еліміздің  Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттандыру қызметін алуға келген.

«Айталық, сіз Ақтөбе қаласында немесе басқа елді мекенде тұрып  жатырсыз,  бірақ нақты уақытта Алматы қаласында жүрсіз. Сізге паспорт немесе жеке куәлік алу үшін өзіңіздің қалаңызға барудың қажеті жоқ. Паспорт немесе жеке куәлік алуға өтінімді  Алматы қаласында орналасқан кез-келген ХҚКО-на бере аласыз» - деп түсіндірді «ХҚКО»РМК директоры  Мұрат  Айтуғанов.

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат  бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі  өтіп кеткен және т.б. жағдайларда  тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз,  кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

Құжатты әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp