Жоба УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ Успен ауылы № ____ Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жеке

20.02.2020

Жоба

УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 Успен ауылы                                  № ____               

 

Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылғы  28 ақпандағы № 9 «Апта айнасы», 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9 «Сельские будни» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Успен аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                                

 

Успен аудандық

мәслихатының хатшысы                                            Р. Бечелова

Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидалары

 

Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген саннаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.

 

  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

7) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

9) Уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Успен ауданының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімі (бұдан әрі-Уәкілетті ұйым);

10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы» Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіпте көрсетіледі.

4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мерекелік күндердің тізбесі:

1) Халықаралық әйелдер күні;

2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

4) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін қағидалар негізінде жүзеге асырады.

 

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

 

         7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi, қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған адамдары;

Чернобыль атом электростанциясы апатының салдарынан мүгедек болған тұлғалар;

Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай - ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға қатысушылар, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар, қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы болған балаларды қоса алғанда;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi);

5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және қайсар еңбегі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендарымен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;

6) зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер;

7)  мүгедектер, оның ішінде:

жалғызбастылар мен жалғыз тұратын 3 топтағы мүгедектер;

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

1, 2 топтағы мүгедектер;

кәмелетке толмаған, балалары бар мүгедектер;

3 топ мүгедектері;

санаторлық – курорттық емдеуге мұқтаж 1 топ мүгедектері;

гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;

18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар церебральды сал ауруымен, парезбен, гидроцефалиямен, бастапқы иммун тапшылығы және аутизммен ауыратын отбасылар;

8) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

9) аз қамтылған азаматтар, оның ішінде:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;

өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;

табысы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, 1 жасқа дейінгі балалары бар, жасанды тамақтанатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдер;

10) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар,оның ішінде:

онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғалар;

туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;

иммундық тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар.

8. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көмек көрсетеді:

1) атаулы және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қарсы:

7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында, 3) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацында (тек қана Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға), 3) тармақшасының бірінші абзацында (тек қана Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға), 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

Халықаралық қарттар күніне орай:

7-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

7-тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

2) біржолғы әлеуметтік көмек:

7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жазылушылардың таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тіліндегі мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға 3 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде - тұрғын үйді жөндеуге, нақты шығындар бойынша, бірақ 300000 теңгеден аспайтын - қызмет көрсету жұмысын орындау туралы шарт көшірмесінің қосымшасымен бірге өтініш негізінде, тісті протездеуге, нақты шығындар бойынша, бірақ 21500 теңгеден аспайтын – тісті протездеу қажеттілігі туралы медициналық мекеменің анықтамалары, өтініш негізінде;

7-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 АЕК мөлшерінде (сауықтыруға) - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде;

7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын сатып алуға 5,2 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізім негізінде;

7-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, ауруды растайтын анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі негізінде;

7-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 7 АЕК мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген Павлодар облысы туберкулезге қарсы күрес диспансері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Успен ауданының туберкулезге қарсы кабинеті (одан әрі - тубкабинет) беретін тізім негізінде;

7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 7 АЕК мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының филиалдарымен ұсынылатын тізім негізінде;

7-тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – 7 АЕК мөлшерінде-жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімі негізінде;

7-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін – 15 АЕК мөлшерінде-жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті органмен ұсынылған тізімі негізінде;

7-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (өрт немесе табиғи апат кезінде) 60 АЕК дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

7-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде (алып жүретін тұлғаның жолақысына, тұруына және тамақтануына) – өтініш негізінде, өтініш берушінің және алып жүретін тұлғаның жеке куәлігінің көшірмелері, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке шотының нөмірі, санаторлық-курорттық сауықтыруды қажет ететін 1 топтағы мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекемеден анықтамасы, жеке оңалту бағдарламасының көшірмесі негізінде;

7-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттар үшін өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК (әлеуметтік бейімдеу және оңалтуға) мөлшерінде өтініш берушінің жеке куәлігінің,  екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке шотының нөмірінің көшірмелері, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы, тиісті медициналық мекемеден баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі негізінде;

3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеуге (тұрғын үй–коммуналдық көмекті алатындардан басқа), 7 тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында, 3) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында, 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 3,6 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеу үшін (тұрғын үй–коммуналдық көмекті алатындардан басқа) 2 АЕК мөлшерде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, 2 АЕК мөлшерде - облыстық орталыққа дейін және кері қайту жолақысына әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, 1 АЕК мөлшерде - дәрі–дәрмектер сатып алуға әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

тұрғын үй–коммуналдық қызметтерін өтеуге 7 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 АЕК мөлшерде, 7 тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген, 10 АЕК мөлшерде екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

7-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 15 АЕК мөлшерінде – емханада емделу кезінде тамақтануға, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген тубкабинеттің тізімі негізінде;

жол шығынның орнын толтыруға:

7-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, «Павлодар облыстық онкологиялық диспансер» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына және тұрақты тұратын жеріне қайту жол билеттерінің нақты бағасы мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, онколог дәрігермен берілетін емделу, тексеру немесе консультациядан өту туралы көшірменің немесе анықтаманың көшірмесі, белгіленген жеріне бару және тұрақты тұратын жеріне қайту үшін автокөлік немесе темір жол көлігіне пайдаланылған жол жүру билеттері;

7-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, жол жүру билеттерінің нақты бағасы мөлшерінде материалдық көмек, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің, жеке кәулігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, баланың тууы туралы куәлігі көшірмелері, емделуге немесе тексерілуге берілген жолдама;

7-тармақтың 7) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жол жүруге) – өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, тиісті медициналық мекемеден 1 топтағы мүгедектігі туралы анықтамасы, гемодиализден өткені туралы медициналық мекеменің анықтамасының негізінде.

9. Уәкілетті орган табысын есепке алып, келесі көмек көрсетеді:

1) біржолғы әлеуметтік көмек:

7-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жан басына шаққандағы орташа табысы, облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен 1,5 есе мөлшерде аспайтын (1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат) - 15 АЕК мөлшерге дейінгі әлеуметтік көмек (арнайы комиссия шешімі бойынша);

7-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (облыс әкімі грантының иегерлері болып табылатын) қала (аудан) әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студент қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған өтініш пен үш жақты келісімшарт негізінде жоғары оқу орнында оқуды төлеуге нақты оқу құны мөлшерінде әлеуметтік көмек;

7-тармақтың 9) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек-жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жүктілікті растайтын құжат, табыстары туралы мәліметтер;

7-тармақтың 9) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 14 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде;

7-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін тұншықтырғыш газ датчиктерін орнатуға 3 АЕК мөлшерінде жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер негізінде;

2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жоғары оқу орнында оқу кезеңі кезінде тұруға, тамақтануға және тұрғын жеріне дейінгі жолақысына 20000 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек, өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;

бесінші абзацтағы 7 тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек тағайындау туралы ата-анасының біреуінің өтініші негізінде, баланың қолдан қоректендіру қажеттілігін растайтын анықтама, баланың тууы туралы куәлігі, табыстар туралы мәліметтер.

10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

 

  1. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

 

12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2)  өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) өтініш берушінің (оның отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер);

4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.

14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкіміне жібереді.

Кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, селолық (ауылдық) округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асырылады:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) өтініш беруші адамның, оның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

3) өтініш берушінің (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен асып кеткен жағдайларда жүзеге асырылады.

24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

 

  1. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтатужәне қайтару үшін негіздемелер

 

25. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) алушының қайтыс болуы;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған.

26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

 

  1. Қорытынды ереже

 

27. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорын пайдалану арқылы жүргізеді.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp